Интернет арқылы ыдыс-аяқ «сатқан» қарағандылық алаяқ ұсталды.

Интернет арқылы ыдыс-аяқ «сатқан» қарағандылық алаяқ ұсталды.

13 шілдеде Қарағанды ​​қаласының ПБ Октябрь аудандық полиция бөліміне Алматы облысының 36 жастағы тұрғынынан арыз түсті. Ол өзінің алаяқтың құрбаны болғанын хабарлады.Белгілі болғандай, жәбірленуші интернеттен ыдыс-аяқ сататын жарнама тауып алады. Жарнама авторымен байланысқа шығып, қажетті өнімді жеткізу шарттарымен өзара келісім жасасады. Осы уақытта сатушы 28 мың теңге алдын ала төлемді талап етіп, ақшаны аудартып алған. Белгіленген уақытта тауар жәбірленушіге жетпей, сатушы хабарсыз кеткен .Алданғанын түсінген әйел Веб-портал арқылы Қарағанды ​​полициясына жүгінген.Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдікті - 32 жастағы әйелді анықтап, ұстады.          Сотқа дейінгі тергеу барысында полиция ұсталған адамның осыған ұқсас сегіз қылмысқа қатысы барын анықтады. Шығынның жалпы сомасы шамамен 260 мың теңгені құрайды. ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.