
Қарағандыда полиция көлік ұрлаушылар тобының әрекетін тоқтатты, деп хабарлайды Polisia.kz. 8 шілдеде 26 жастағы қала тұрғыны Қарағанды қаласының ПБ-ның Оңтүстік-шығыс полиция бөліміне жүгінді. Ол белгісіз біреудің көлікті кілтпен ашып, автокөліктің салонына кіріп, аккумуляторы мен автомобиль радиосын ұрлап кеткенін түсіндірді. Келтірілген шығын 100 мың теңгені құрайды. Жедел-іздестіру іс-шараларының барысында криминалдық полиция қызметкерлері үш күдіктіні - 21 мен 23 жас аралығындағы жастарды ұстады. Олар қылмысын мойындап, айғақты заттар алынды. ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полиция олардың басқа да осындай қылмыстарға қатыстылығын анықтауда.