
27 маусымда Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының полиция бөліміне, белгісіз біреу жүк көлігімен елді мекендердің бірінің шетінде орналасқан жауапкершілігі шектеулі серіктестік аумағына өтіп, металл ұрламақ болғаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орынына жеткен жедел-тергеу тобы іздестіру жұмыстарына шұғыл кірісті.Тәртіп сақшылары анықтағандай, бірнеше күн бұрын біреу жүк көлігін пайдаланып, осы ЖШС-нің темір бұйымдарын ұрлап кеткені белгілі болды. Шығын 1 миллион 180 мың теңгені құрайды. Екі қылмыстық іс ҚР Қылмыстық кодексінің 24-188 бабы «Ұрлық әрекеті» және ҚР ҚК 188 бабы «Ұрлық» бойынша қозғалды. 5 шілдеде жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлері ЖШС-де ұрлық жасаған күдіктіні анықтап, ұстады. Ол 25 жастағы Қарағанды қаласының тұрғыны болып шықты. Ол кінәсін мойындап, қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.