
Қрағандылық полиция қызметкерлері бірнеше уақыт ішінде жоғалып кеткен екі қызды таптыа, деп хабарлайды Polisia.kz. 3 шілдеде сағат 14: 40-та Қарағанды ПБ Жедел басқару орталығына Язев көшесіндегі жазғы лагерден 9 және 10 жастағы екі қыздың жоғалып кеткені туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына бірден Қарағанды ПБ-ның жеке құрамы жіберілді. Полиция жоғалған қыздардың жазғы лагерьдегі сурет үйірмесіне баратынын анықтады, оларды ата-аналары 11: 00-ге дейін алып кетті. Сабақтар 13: 00-де тоқтады. Бірақ ата-аналары оларды уақытында ала алмағандықтан, қыздар лагерьде қалды. Үйірме жетекшілері қыздарды көшеге шығарып, ешқайда кетпеуді ескертіп, дүкенге өздері барды. Олар қайтып оралғанда, балалар жоқ екенін көрді. Алғашында жоғалған қыздардың тәрбиешілері мен ата-аналары өздігінен іздестіру жұмыстарын жүргізген, бірақ нәтижеге жете алмай, олар полицияға жүгінген. Іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері барлық маңайдағы жерлерді тарады және тексерді. Содан кейін жедел басқару орталығының бақылау камераларын пайдаланып, қыздар қай бағытқа кеткенін анықтады. Көп ұзамай балалар табылып, ата-аналарына оралды.