Қарағанды облысында полиция далада қойшының қыстағынан ақша ұрлаған ұрыны ұстады

Қарағанды облысында полиция далада қойшының қыстағынан ақша ұрлаған ұрыны ұстады

 23 маусымда Қарағанды ​​облысы Ұлытау ауданының полиция бөлімінің қызметкерлері «Мал ұрлығы» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді. Полиция қызметкерлері қыстауларды аралау кезінде төбелердің арасында жасырынбақ болған бір ер адамды байқап қалып,ұстап алды. Тексере келе, күдіктінің бес километр жерде орналасқан шопанның қыстауынан ақша ұрлап бара жатқаны анықталды. 39 жастағы ауыл тұрғыны бірнеше сағат бұрын қыстауға кіріп, 16 500 теңге салынған әмиянды ұрлап кеткені белгілі болды. ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы «Ұрлық» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.