
Қарағандыда жалдамалы жұмыскер жұмыс берушінің құны 200 мыңнан астатын құрал-жабдықтарын ұрлап кеткен
12 маусым күні Қарағанды қалалық Полиция басқармасына қарасты Жаңа-Майқұдық полиция бөліміне 44 жастағы қала тұрғыны хабарласқан. Жәбірленуші белгісіз азамат құны 213 мың теңге болатын құрылысқа қажетті құрал-жабдықтарын ұрлап кеткені туралы арызданған.Полиция қызметкерлерімен анықталғандай, жәбірленуші үйіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізбекші болған. Сөйтіп ол хабарландыру арқылы үйіне жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін құрылысқа икемі бар адам тапқан. Алайда, хабарландыру арқылы жөндеу жұмыстарын істеуге келіскен азамат жәбірленушіге жөндеу жұмысына қажетті бірқатар құрал-жабдықтарының жоқтығын айтқан. Сондықтанда тапсырыс беруші оған бірден құрал-жабдық алып берген.Арада уақыт өткен соң тапсырыс беруші жөндеу жұмысына келіскен адамына алдын ала ақысын төлеп, кейін пәтерін көруге келгенде құрылысшы үйде болмаған, сондай-ақ, ол жәбірленушінің сатып әперген құрал-жабдықтарын да алып кеткені белгілі болды. Бұл факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды.22 маусым күні криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 32 жастағы күдікті ұсталды. Ол мойындау көрсетпе белгілерін берді. Тергеу амалдары жүргізілуде.