Қарағанды облысында бір әйел қарт адамға шабуыл жасап, оның зейнетақысын тартып алды

Қарағанды облысында бір әйел қарт адамға шабуыл жасап, оның зейнетақысын тартып алды

14 маусымда Қарағанды ​​облысы Абай ауданының ПБ  86 жастағы зейнеткерді тонап кеткені туралы хабарлама алды. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы келді.Жәбірленуші зейнетақысын алып үйіне бара жатқанда, оған белгісіз әйел шабуыл жсап күртесінің қалтасынан 130 мың теңге көлеміндегі ақшаны алып, қашып кеткен.Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері күдікті 41 жастағы әйелді анықтап, ұстады. Қаражат алынып, жәбірленушіге қайтарылды.ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабы «Тонау» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.