Қарағандыда бұзақы гүл сататын дүкенге шабуыл жасалды

Қарағандыда бұзақы гүл сататын дүкенге шабуыл жасалды

 9 маусымда Қарағанды ​​қаласының ПБ Михайлов полиция бөліміне  гүл сататын дүкенде белгісіз біреу мүлікке зиян келтіргені – гүл сөрелері мен 5 дана гүлдерді сындырғаны туралы хабарлама келді. Келтірілген шығын мөлшері 140 мыңнан астам теңгені құрайды. Бірнеше бейнебақылау камераларының арқасында полиция осы бұзақылық әрекетті ұйымдастырған қаскүнемді анықтады. Жедел-іздестіру шаралары барысында қызметкерлер күдікті - 30 жастағы ер адамды ұстады.          Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 293-бабы «Бұзақылық» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.