Қарағандыда полицейлер ұялы телефонды тартып алған тонаушыны ұстады

Қарағандыда полицейлер ұялы телефонды тартып алған тонаушыны ұстады

6 маусымда, сағат 16.30 шамасында Қарағанды ​​қаласы ПБ-ның Оңтүстік-шығыс полиция бөліміне, шағынаудандардың бірінде тонау болғаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына жеткен Қарағанды ​​қаласының ПБ қызметкерлер, 45 жастағы ер адамға  белгісіз біреу шабуыл жасап, қолынан ұялы телефонын тартып алып қашып кеткен. Шығын көлемі 120 мың теңгені құрайды.Жәбірленуші шабуылдаушының сыртқы келбетін сипаттап берді. Көп ұзамай патрульдік полиция қызметкерлерін байқап, қашып кетуге тырысқан ер адам ұсталып, тергеу жүргізу үшін полиция бөліміне жеткізілді.Күдікті 39 жастағы Қарағанды ​​қаласының тұрғыны екендігі анықталды. Ұялы телефон алынып, иесіне қайтарылды.ҚР Қылмыстық кодексінің 191 бабы «Тонау» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.