3 маусым күні кешікілік Қарағанды облысы, Жезқазған қалалық Полиция басқармасының кезекші бөліміне қаладағы ауруханалардың біріне пышақ жарақатымен 14 жасар мектеп оқушысы жеткізілгені туралы хабарлама түсті. Абырой болғанда кәмелеттік жасқа толмаған азаматшаның жағдайы жақсы болғандықтан ауруханаға жатқызылмаған.
Жәбірленуші азаматша оқиға кешкілік үйінің жанында болғанын айтқан. Оның қасына белгісіз бір азамат келіп, кенеттен пышақ жұмсап, қашып кеткен. Азаматша оны бұрын көрмеген және білмейтінін айтқан.
Учаскелік полиция инспекторының сауатты жүргізілген жедел әрекеттерінің арқасында ізін суытпай осы іске қатысы бар деген күдікпен 20 жастағы күдікті ұсталды. Күдікті бұзақылық әрекеттерінің арқасында жәбірленушіге пышақ жұмсағаны туралы мойындау көрсетпе белгілерін берді. Жауап алу барысында күдікті қыздармен ешқашан тіл табысып, жараса алмағандықтан олардан өш алуды ойластырған. Сондықтанда қолына пышақ алып, көшеде алғашқы кезіккен қыздарға пышақ саламын деп шыққан.
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 293 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы мәселесі шешілуде.