
29 мамырда сағат 21.00 шамасында Қарағанды облысы Абай ауданының ПБ-на, Абай қаласындағы такси фирмалардың бірінің ғимаратында тонау болғаны туралы хабарлама түсті.Жәбірленуші 50 жастағы диспетчер әйелді, белгісіз ер адам пышақпен қорқытып, 3 мың теңге көлеміндегі қаражатты алып қашып кеткен.Жедел іздестіру кезінде полиция қызметкерлері күдікті 46 жастағы ер адамды ұстады. ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабы «Қарақшылық» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.