
1998 жылғы 15 желтоқсанда 37 жастағы қала тұрғыны Қарағанды облысы Жезқазған қаласының ПБ-не жүгінді. Қала дүкендерінің бірінде сатушы болып жұмыс істеген әйел, түске таман белгісіз ер адам сауда нүктесіне кіріп, пышақпен қорқытып 1100 теңге көлеміндегі қаражатты алып кеткені туралы айтып шағымданған. Қарақшылық фактісі бойынша Жезқазған қаласының ПБ-ның тергеу бөлімі сотқа дейінгі тергеуді бастады. Ол 1999 жылдың 17 ақпанында үзіліп, ағымдағы жылдың 31 мамырында жаңадан ашылған мән-жайларға байланысты қайта жалғасты. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында криминалдық полиция қызметкерлері қарақшылық жасады деген күдікпен 41 жастағы ер адамды анықтап, ұстады, ол өз ісін мойындады.Қылмыстық істі ескіру мерзімінің аяқталуына байланысты тоқтату жоспарланып отыр.