
25-26 мамырда түн ортасында белгісіз адамдар Қарағанды облысы Нұра ауданының ауылдық округтерінің бірінің аумағында орналасқан жауапкершілігі шектеулі серіктестіктен металл сынықтарын ұрлап кеткен. Бұл туралы хабарлама осы округтің полиция учаскесіне түсті.Полиция жедел әрекет етіп, жедел іздестіру барысында 31 жастағы жүргізуші басқарған көлікті ұстады. Сондай-ақ көлікте 31 және 24 жастағы ер адамдар болған.Көлік құралын қарау кезінде учаскелік полиция қызметкерлері 836 мың теңгенің металл сынықтарын тапты. Ұсталғандар кінәсін мойындады. ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы «Ұрлық» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.