
21 мамырда Қарағандыда «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде Қарағанды облысының ПД қызметкерлері 27 жастағы ер адамды ұстады. Тіркелмеген сегіз оғы бар «ОСА» травматикалық тапанша мен үш аңшы пышағы ұсталған адамның пәтерін тексеру кезінде алынды. Ол бұл қаруларды заңсыз сақтағаны белгілі болды.Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 287-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, сараптама тағайындалды.