Саран қаласының тұрғынының үйіне кірген күдікті ұсталды

Саран қаласының тұрғынының  үйіне кірген күдікті ұсталды

Қарағанды ​​облысы Саран қаласының полиция бөліміне, белгісіз біреу Жұмыскер көшесіндегі жеке үйге кіріп, ұрлық жасамақ болғаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына патрульдік полицияның ең жақын жасағымен,  жедел-тергеу  тобының қызметкерлері жетті. Жәбірленуші 38 жастағы әйел, дәлізден естілген дыбысты естіп сыртқа шыққанда, темір үстелді ұрламақ болған адамды көргенін түсіндірді. Үйдің иесін көріп, күдікті қашып кеткен.Полиция күдіктіні - 40 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. ҚР Қылмыстық кодексінің 24-188 бабы «Ұрлыққа оқталу» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.