
22 мамырда «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері «Қаражал-Атасу» тас жолында Қарағанды қаласының 47 жастағы тұрғыны басқарған автокөлікті тоқтатты. Көлікті тексеру кезінде полицейлер көліктен үш қап балық пен алты қап шаян тапты.ҚР ҚК-нің 335-бабы «Балық ресурстары мен басқа да су жануарларын заңсыз өндіру» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Келтірілген зиян мөлшері анықталуда. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.