
24 мамырда 52 жастағы қала тұрғыны Қарағанды қаласының ПБ Жаңа-Майқұдық полиция бөліміне шағымданып, белгісіз біреу кіреберістен темір есікті ұрлап кеткені туралы хабарлады. Келтірілген шығын мөлшері 75 мың теңгені құрайды.Полиция қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті, 40 жастағы ер адам анықталып, ұсталды. Ол кінәсін мойындап, ұрланған есікті металл сынықтарын қабылдау пунктіне тапсырғанын түсіндірді. ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.