Сәтбаев қаласында Жезқазғаннан келген ұры ұсталды

Сәтбаев қаласында Жезқазғаннан келген ұры ұсталды

Сәтбаев қаласында Жезқазған қаласының тұрғыны ұрлыққа қатысы бар деген күдікпен  қолға түсті, деп хабарлайды Polisia.kz. 24 сәуірде Сәтбаев қаласының полиция бөліміне 53 жастағы қала тұрғыны хабарласып,белгісіз біреу пәтерден үш бөтелке коньяк, екі қорап темекі, сөмке және 40 мың теңгені ұрлап кеткенін айтты. Залалдың жалпы сомасы 60 мың теңгені құрады. Анықталғандай, күдікті терезені итеріп, жәбірленушінің пәтеріне кірген. Бұл кезде әйелдің өзі жоқ болған. 19 мамырда жедел-іздестіру шаралары барысында қызметкерлер Жезқазған қаласының 30 жастағы тұрғынын ұстады. Күдікті өзін мойындады. Айғақты заттар алынды. Полиция шабуылдаушының Жезқазғанда жасалған ұқсас төрт қылмысқа қатысы барын анықтады. Аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы «Ұрлық» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.