Теміртауда бірнеше рет үй тонаған күдікті ұсталды

Теміртауда бірнеше рет үй тонаған күдікті ұсталды

Теміртауда  ұры ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz. 7 мамырда Теміртау қаласының ПБ Ескіқалалық полиция бөліміне 53 жастағы қала тұрғынынан арыз түсті. Ер адам белгісіз біреу пәтерден ноутбук пен екі ұялы телефон ұрлағанын айтты. Залалдың жалпы сомасы 195 мың теңгені құрады. Ұрлық түнде, тұрғын үйдің иесі, оның әйелі мен екі баласы ұйықтап жатқан кезде болған екен. Басқыншы бірінші қабатта орналасқан пәтерге ашық терезе арқылы кірген. 20 мамырда полицияға осындай мәлімдеме 23 жастағы қала тұрғынынан түсті, ол да бір бөлмелі пәтерде бірінші қабатта тұрады. Жәбірленуші ұйықтар алдында терезені ашып, таңертең ұялы телефоны мен қол сағаттарының жоғалып кеткенін анықтады. Келтірілген шығын мөлшері 275 мың теңгені құрады. Зиянкестің «қолтаңбасы» бойынша полиция сол ұры әрекет етіп жатқанын түсінді. Жедел-іздестіру шаралары барысында тәртіп сақшылары күдіктіні ұстады. Кінәсін мойындаған 23 жастағы жігіт болып шықты. Айғақты заттың бір бөлігі алынды. Аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы «Ұрлық» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктінің басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар екендігі анықталуда. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.