Қарағандыда жоғалып кеткен 10 жасар бала табылды

Қарағандыда жоғалып кеткен 10 жасар бала табылды

Жоғалған 10 жасар бала Қарағандыда табылды, деп хабарлайды Polisia.kz. 21 мамырда сағат 22.30 шамасында Қарағанды ​​қаласының ПБ Жаңа-Майқұдық полиция бөліміне 30 жастағы қала тұрғыны жүгінді. Әйел сағат 14.00 шамасында оның 10 жасар ұлы үйден кетіп, оралмағанын айтты. Бұл факт бойынша баланы іздеуге Жаңа-Майқұдық полиция бөлімінің барлық жеке құрамы бағытталды. Іздестіру шаралары барысында полицияның учаскелік инспекторы Хайдар Рахымбеков баланы тапты. Бала заңды өкілдеріне қайтарылды және профилактикалық әңгіме жүргізілді.