
7 мамырда Қарағанды қаласының ПБ Жедел басқару орталығының қызметкерлері мониторларды бақылау кезінде, Комиссаров көшесіндегі үйлердің бірінің ауласында тұрған автокөліктен мемлекеттік тіркеу нөмірлерін алып жатқан бір азаматты байқады Санаулы минутта оқиға орнына Қарағанды қаласы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері мен Патрульдік полиция полкінің жасағы жетті. Полицияның тез жұмыс істегені соншалық, тәртіп сақшыларының кенеттен пайда болуынан ұры жасырынып үлгермеді. Ұсталған 18 жасар жас жігіттен екі автокөліктен шешіп алған мемлекеттік нөмірлер табылып, тәркіленді. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы «Ұрлық» бастап қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақыта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Полиция күдіктінің басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығын анықтауда.