
9 мамырда Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының полиция бөлімінің қызметкерлері Балқаш көлі аймағында рейдтік іс-шаралар өткізді. Су қоймасының жағасынан тура 300 метр қашықтықта олар мемлекеттік тіркеу нөмірі жоқ УАЗ автокөлігін байқады. Автокөлік жолсыз жермен жүріп, Екатеринбург-Алматы тас жолына өтпек болған. Полиция 30 жастағы ер адам басқарған күдікті көлікті ұстады. Одан басқа көліктің ішінде 59 және 50 жастағы екі жолаушы болған. Тексеру барысында полицейлер автокөліктің жүксалғышынан 200 келіге жуық әр түрлі балық түрлерін тапты. Келтірілген шығын мөлшері 800 мыңнан астам теңгені құрайды.ҚР ҚК-нің 335-бабы «Балық ресурстарын, басқа су жануарларын немесе өсімдіктерді заңсыз өндіру» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.