
Жазғы демалыс қарсаңында Қарағанды облысының ПД есірткі қылмыстарымен күрес басқармасы есірткінің алдын алу шараларын ұйымдастыру және өткізу бойынша жұмысты күшейтті.Осылайша, Қарағандыдағы жоғары оқу орындарының студенттері «Нашақорлыққа жол жоқ» бағдарламасын бастады. Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен аймағымызға танымал спортшыларда қолдады. Осылайша, олар салауатты өмір салтын насихаттауда өздерінің белсенді азаматтық ұстанымдарын білдірді.Сонымен қатар, Қарағандыда Абзал сауда үйінде нашақорлық проблемаларына арналған фотокөрме жалғасуда. Онда сауда үйі басшылығының қолдауымен барлығына есірткіге тәуелділік бойынша ақысыз кеңестер мен ұсыныстар беріледі. Нақты өмірден алынған фотосуреттер нашақорлық жеке адамның жеке басының проблемасы емес, бүкіл қоғамның проблемасы екенін растайды. Бұл акцияны «Сенім» үкіметтік емес ұйымы және облыстың Полиция департаментінің есірткі қылмыстарымен күрес басқармасы Қарағанды қаласының жастар ресурстық орталығының еріктілерін тарта отырып ұйымдастырды.Сондай-ақ, Қарағанды қаласының қалалық автобус маршруттарында ең өзекті проблемалар туралы есірткіге қарсы бейнематериалдар көрсетіледі. Полиция қызметкерлері Қарағанды облысының білім басқармасымен бірлесіп, мамыр айында, жазғы демалыс басталар алдында жалпы және орта арнаулы оқу орындарының студенттері арасында онлайн режимінде бейне сабақтарын өткізу жоспарланған. Осы білім беру ұйымдарының ата-аналар комитеттерімен кездесулер дәл осындай форматта ұйымдастырылады. Олар бойынша ата-аналар есірткінің жаңа түрлері және оларды қолданудың қауіпті салдары туралы қосымша ақпарат алады.