Тонаушы қонақтар

Тонаушы қонақтар

29 сәуірде Қарағанды қаласының ПБ Октябрь полиция бөліміне 31-жастағы қала тұрғыны хабарласып, пәтерінде ұрлық болғаны туралы айтты. Жәбірленушіның  түсіндіруінше ол үйіне қыз бен жігітті қонып шығуға рұқсат берген.Келесі күні қонақтар кеткенде үй иесі өзінің 30 мың теңге, ұялы телефон, күміс шынжыр және музыкалық орталықтың дыбыс шығарғышы жоғалып кеткенін анықтаған. Шығын мөлшері 133 мың теңгені құрайды. ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша қылмыстық іс қозғалды.

          1 мамырда жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдіктілер 20 жастағы жас жігіт пен 22 жастағы қызды ұстады Олар кінәсін мойындап, қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.