Қарағандыда сауда орындарын тонап, тек темекі алған ұры ұсталды.

Қарағандыда сауда орындарын тонап, тек темекі алған ұры ұсталды.

          27 сәуірде дүкендердің бірінің 40 жастағы қожайыны Қарағанды ​​қаласының ПБ Теміржол полиция бөліміне хабарласып, белгісіз біреу күш қолданып, әртүрлі маркалы сегіз блок темекіні ашық түрде иемденіп алғаны туралы айтып шағымданды. Келтірілген шығын 36 мың теңгені құрайды. Жәбірленушінің айтуынша, күдікті 30-35 жас шамасындағы ер адам. Дүкен тонаушының әркеті сауда орнында орнатылған бейнекамераға жазылып қалған. Аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 191 бабы «Тонау» бойынша қылмыстық іс қозғалды.

          30 сәуірде жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдікті - 31 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Ол кінәсін мойындады. Сонымен қатар, полицейлер күдіктінің дәл осындай тәсілмен, басқа дүкен сатушысының көзінше құны 28 мың теңгеден асатын бірнеше қорап темекіні алып кеткенін анықтады. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп, күдіктінің осыған ұқсас басқада қылмыстарға қатыстылығы анықталып жатыр.