Көршісінің телефонын ұрлаған

Көршісінің телефонын ұрлаған

8 сәуірде Қарағанды ​​қаласының Оңтүстік-шығыс полиция бөліміне 62 жастағы тұрғыннан арыз түсті. Қарағанды ​​тұрғыны телефонының ұрланғанын айтты.Оқиға орнына келген учаскелік полиция инспекторлары ер адамның көршісіне қонаққа келгенін анықтады. Зейнеткерге айтарлықтай шығын келтіріп 125000 теңге көлеміндегі ұялы телефон қолды болған.Полиция қызметкерлері қонаққа барғандардың барлығын тауып, тергеу жүргізді. Күдікті бірден анықталып, 35 жастағы жәбірленушінің көршісі  болып шықты. Қымбат маркалы телефонға қызыққан жас жігіт ұялы телефонды алып  өшіріп, курткасының қалтасына жасырған.Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188 бабы 1 бөлігі  «Бөтеннің мүлкін ұрлау» бойынша қылмыстық іс қозғалды.