
17 наурызда Қарағанды қалалық ІІБ Оңтүстік-шығыс полиция бөліміне хабарлама келіп түсті: белгісіз біреу денеге зиян келтіріп, 18 жастағы жас жігіттің құны 62 мың теңге тұратын ұялы телефонын тартып алды. Жәбірленуші шабуылдаушының сыртқы белгілерін сипаттады. Патрульдік полицияның барлық бөлімшелері, учаскелік полиция қызметкерлері және криминалдық полиция қызметкерлері оны басшылыққа алды. Жедел-іздестіру іс-шараларының барысында полиция «ыстық іздеуде» күдіктіні - 17 жасар жас жігітті ұстады. Ол кінәсін мойындады. Айғақты заттар алынды. ҚР Қылмыстық кодексінің 191 бабы «Тонау» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.