Балқаш қаласының полицейлері рейд жүргізу барысында саяжайлардан ұрлық жасағандарды қолға түсірді

Балқаш қаласының полицейлері рейд жүргізу барысында саяжайлардан ұрлық жасағандарды қолға түсірді

17 наурыз күні Балқаш қалалық полиция бөлімінің қызметкерлері саяжайларда жасалатын ұрлық фактілерінің жиілеп кетуіне байланысты «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасының аясында рейдтік жұмыстар жүргізді. Аталған шара барысында полиция қызмектерлері қала тұрғындарының саяжайларынан ұрлық жасап жүрген үш азаматты қолға түсірді. Мәселен 21 жастағы күдіктілердің бірі 16 наурыз күні 42 жастағы қала тұрғынының саяжайының терезесін сындырып кіріп, үйінен электрсымдарын, кабель және газ пешін ұрлап кеткен. Келтірілген шығын көлемі 80 мың теңгені құраған. Ал, 18 жастағы күдікті, 16 наурыз күні  64 жастағы зейнеткердің саяжайынан құны 15 мың теңге тұратын қармағын ұрлаған. 32 жастағы қаскөй 67 жастағы балқаш қаласы тұрғынының саяжай аумағынан жалпы құны 65 мың теңге болатын темір бұйымдарын ұрлаған. Барлық фактілер бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.