
17 наурыз күні Қарағанды қалалық Полиция басқармасына қарасты Оңтүстік-Шығыс- полиция бөліміне 83 жастағы азаматшадан арыз түсті. Жәбірленуші белгісіз біреудің қалтасында қалған соңғы 25 мың теңге ақшасын ұрлап кеткенін айтқан. Анықталғандай таңертең оның пәтеріне біреу қоңырау шалған. Есікті ашқан жәбірленуші белгісіз бір азаматшаның қарттар арасында сауал жүргізіп жатқанын айтқан. Онымен сөйлесіп тұрғанда күдікті басқа пәтерлерге барып, кейін ол жерден ізін суытқан. Арада уақыт өткенде жәбірленуші өзінің сақтап қойған 25 мың теңгесін басқа біреудің ұрлап кеткенін сезген. Қаскөйді анықтау және ұстау шараларымен учаскелік полиция инспекторы айналысқан. Полиция қызметкері жәбірленушіден күдікті азаматша туралы ақпараттар алып, жүргізілген жұмыстар барысында алғашқы күдік оның көршісіне түскен. Жәбірленуші онымен бірнеше жыл көрші тұрса да онымен ешқашан сөйлеспеген. Полиция қызметкері жан-жақты жүргізілген тексеріс жұмыстары барысында осы істі жасаған 43 жастағы күдікті азаматшаны анықтады. Ол мойындау көрсетпе белгілерін беріп, ақшаны жұмсап қойғанын айтқан. Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.