
16 наурыз күні Қарағанды облысы Сәтбаев қалалық Полиция бөліміне 23 жастағы қала тұрғынынан арыз түсті. Жәбірленуші белгісіз біреу қалтасынан құны 76 мың теңге тұратын ұялы телефонын ұрлап әкеткенін айтқан. Анықталғандай ұрлық фактісі жәбірленушінің қаладағы дүкендердің бірінде өзіне қажетті тауарларды сатып алу барысында болған. Полиция қызметкерлерімен дүкенде орналасқан бейнекамераның жазбасын қарау барысында күдіктінің ұрлық жасап жатқан тұсы анықталды. Криминалдық полиция қызметкерлерімен ізін суытпай осы іске қатысы бар деген күдікпен 32 жастағы азамат анықталып ұсталды. Ол мойындау көрсетпе белгілерін беріп, айғақ зат тәркіленіп алынды.Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.