Қарағандыда екі жас жігіт дәріханаға кіріп, қымбат ноутбук ұрлап кеткен

Қарағандыда екі жас жігіт дәріханаға кіріп, қымбат ноутбук ұрлап кеткен

14 наурыз күні Қарағанды қалалық Полиция басқармасына қарасты Михайлов полиция бөліміне 58 жастағы кәсіпкер азаматша арызбен шағымданған. Жәбірленуші белгісіз біреулер өзіне тиесілі дәріхананың терезесін сындырып, ішінен столдың үстінде тұрған құны 500 мың теңге болатын ноутбугын ұрлап әкеткенін айтқан.

            Оқиға орынына жақын маңдағы Қарағанды қалалық Полиция басқармасы патрульдік полиция полкінің нарядтары жіберілген. Сол маңдағы аулаларға қарау жүргізу барысында полиция қызметкерлері күдік тудырған екі жас жігітті байқаған. Полиция нарядын көрген күдіктілер оқиға орынынан іздерін суытып, қаша жөнелген. Алайда, полиция қызметкерлерінің жедел әрекеттерінің арқасында олар алысқа ұзамай қолға түсті. Ұсталған азаматтардан ұрланған ноутбук тәркіленіп алынды.Күдіктілер 18 және 22 жас аралықтарындағы азаматтар. Олар мойындау көрсетпе белгілерін берді.Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.