
13 наурыз күні Қарағанды облысы, Саран қалалық полиция бөліміне 57 жастағы қала тұрғыны арызбен шағымданған. Жәбірленуші белгісіз біреу оның жертөлесіне кіріп, балық аулау маусымына дайындап қойған құрал-жабдықтарымен 7 қармағын ұрлап кеткені туралы айтқан. Полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел іздестіру іс-шаралары барысында ізін суытпай бұл қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 28 жастағы күдікті ұсталды. Ол мойындау көрсетпе белгілерін беріп, айғақ заттар тәркіленді. Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.