Қарағандылық азамат жер үйлердің біріне заңсыз кіріп, ұялы телефон ұрлап кеткен

Қарағандылық азамат жер үйлердің біріне заңсыз кіріп, ұялы телефон ұрлап кеткен



13 наурыз күні Қарағанды қалалық Полиция басқармасына қарасты Теміржол полиция бөліміне 49 жастағы қала тұрғыны арыз жазған. Жәбірленуші азаматша арызында өзі жұмыста болған уақытта белгісіз біреу оның үйіне кірген. Күдікті ол үйден бағалы зат іздеп, үйдің астан-кестеңін шығарған. Алайда құнды ешнәрсе таппаған күдікті құны 62 мың теңге тұратын ұялы телефонды қолды қылған. Криминалдық полиция қызметкерлерімен «құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 25 жастағы азамат ұсталды. Ол мойындау көрсетпе белгілерін беріп, жәбірленушінің ұялы телефоны айғақ зат ретінде тәркіленді. Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.