Теміртау қаласында екі жұмысшы өздері жұмыс істейтін мекемеден құны 2 миллион теңгеге бағаланған металл жабдықтарын ұрлаған

Теміртау қаласында екі жұмысшы өздері жұмыс істейтін мекемеден құны 2 миллион теңгеге бағаланған металл жабдықтарын ұрлаған

11 наурыз күні Теміртау қалалық Полиция басқармасына қаладағы мекемелердің бірінен металл бұйымдары ұрланды деген хабарлама түсті. Полиция қызметкерлерімен цехтан белгісіз біреулердің 15 бронды тақта ұрланғаны анықталды. Келтірілген шығын көлемі 2 миллион теңгеден асқан. Криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел іздестіру іс-шаралары барысында аталған қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 31 және 32 жастағы екі азамат ұсталды. Олардың ұрлық болған мекемеде жұмыс істейтіндіктері белгілі болды. Ұсталғандар мойындау көрсетпе белгілерін берді. Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.