
12 наурыз күні Шахтинск қалалық полиция бөліміне 47 жастағы қала тұрғыны арызбен шағымданған. Шағым иесі белгісіз біреу өзіне тиесілі пәтерге кіріп ұрлық жасамақшы болғанын айтқан. Ұры пәтерде адам барын біріп, бірден ізін суытқан. Жедел іздестіру іс-шаралары кезінде полиция қызметкерлерімен ізін суытпай осы іске қатысы бар деген күдікпен 26 жастағы Қарағанды қаласының тұрғыны ұсталып, мойындау көрсетпе белгілерін берді. Тергеу кезінде анықталғандай, ұсталған азамат бұған дейін Шахтинск қаласында бірнеше пәтер ұрлығын жасаған. Ол өзгенің пәтерлеріне пластикалық терезелерін бұзу арқылы кіріп отырған. Мәселен, күдікті пластикалық терезесін бұзу арқылы өзгенің пәтеріне кіріп, алтын бұйымдармен ақша ұрлап кеткен. Келтірілген шығын көлемі 920 мың теңгені құраған. Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты жоғарыда аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 24-188 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.