
Ақпан айының соңымен наурыз айының басында Қарағанды қалалық Полиция басқармасына қарасты Октябрь полиция бөліміне аумаққа қарасты көпқабатты үйлерден кабель ұрланды деген хабарламалар түсе бастады. Аталған фактілер бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188 бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Жасалған қылмыстарды зерделеу барысында барлық жағдай бойынша қаскөй көпқабатты үйлердің төбесіне шығып, ол жерлерден кабельдер кесіп әкетіп отырған. Сондықтанда полиция қызметкерлері бұл қылмысты бір адамның жасауы мүмкін деген болжамға келді. Келтірілген шығын көлемі 150 мыңнан астам теңгені құраған. 12 наурыз күні криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатасы бар деген күдікпен 20 жастағы азамат ұсталды. Күдікті қылмыс жасағаны туралы мойындау көрсетпе белгілерін берді. Полиция қызмектерлері оның осындай төрт қылмыс жасағанын анықтады.
Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.