Теміртаулық полицейлер бірнеше автокөлік ұрлап кеткен күдіктіні ұстады

Теміртаулық полицейлер бірнеше автокөлік ұрлап кеткен күдіктіні ұстады

27 ақпан күні Теміртау қалалық Полиция басқармасына қарасты Шығыс полиция бөліміне 24 жастағы қала тұрғыны арызбен шағымданған. Жәбірленуші полиция қызметкерлеріне өзінің автокөлігін жұмыс істейтін жердегі тұраққа қойып, жұмыс ауысымы біткенде оны белгісіз біреудің ұрлап кеткенін айтқан. Оған келтірілген шығын көлемі 980 мың теңгені құраған. Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, ұрланған көлікке іздеу жарияланды. 8 наурыз күні криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 25 жастағы күдікті анықталып ұсталды. Ұсталған азамат мойындау көрсетпе белгілерін берді. Одан автокөлік тәркіленіп алынып, иесіне қайтарылды. Полиция қызметкерлерімен ұсталған азаматтың осыған ұқсас тағыда екі қылмысқа қатысы бар екені анықталды. Тергеу амалдары жүргізілуде.