
Өткен жылдың 24 желтоқсанында Қарағанды қалалық Полиция басқармасына қарасты Михайлов полиция бөліміне 34 жастағы азаматтан өтініш түскен. Азамат белгісіз біреудің өзі жұмыста болған уақытын пайдаланып, гараждан барлық құнды заттарын ұрлап әкеткенін айтып арызданған. Мәселен, күдікті жәбірленушіге тиесілі 4 автокөлік дискісін, автокөліктің қысқы шиналарын және ғимаратты жылытатын құралын үптеп кеткен. Келтірілген шығын көлемі 700 мың теңгені құраған. Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды.5 наурыз күні криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 42 жастағы күдікті ұсталды. Ұсталған азамат мойындау көрсетпе белгілерін беріп, одан айғақ заттардың жартысы тәркіленіп алынды. Тергеу амалдары жүргізілуде.