Қарағандылық полицейлер көпқабатты үйдің төбесінен кабель ұрламақшы болған күдіктіні қолға түсірді

Қарағандылық полицейлер көпқабатты үйдің төбесінен кабель ұрламақшы болған күдіктіні қолға түсірді

8 наурыз күні Қарағанды қалалық Полиция басқармасына қарасты Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері қаладағы аудандардың бірінде қызмет өткерген. Сағат 15.00 уақытта өздеріне бекітілген аумақта аралау барысында полиция қызметкерлері көп қабатты үйдің төбесінде асығыс бір затты қиып жатқан азаматты байқаған.Тәртіп сақшылары өздеріне күдік тудырған бұл азаматты не себепті жүргенін анықтау мақсатында ұстады.Тексеру барысында 22 жастағы азаматтың көп қабатты үйдің төбесінен кабель ұрламақшы болғаны белгілі болды. Алайда, полиция қызметкерлерінің қырағылығының арқасында күдікті ойлаған жымысқы әрекетін соңына дейін жасай алмады. Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 24-188 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлерімен оның осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.