Бірнеше тонау жасаған Теміртаулық ағайындылар ұсталды

Бірнеше тонау жасаған Теміртаулық ағайындылар ұсталды

30 қаңтар күні Қарағанды облысы, Теміртау қалалық Полиция басқармасына қарасты Ескіқалалық полиция бөліміне 59 жасар зейнеткерден арыз түскен. Азаматша арызында қаладағы көп қабатты үйлердің маңынан өтіп бара жатқанда оған белгісіз біреулер шабуыл жасап, қолындағы сөмкесін тартып әкеткені туралы жазған. Анықталғандай сөмкеде жәбірленушінің ұялы телефоны болған. Келтірілген шығын көлемі 25 мың теңгені құраған. Аталған факті бойынша қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 191 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды.
Жәбірленушінің өзіне шабуыл жасаған азаматтардың сырт келбетін айта алмағанынан қарамастан криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен бір емес екі азаматтың қатысы бар екені анықталды.
17 ақпан күні жедел уәкілдер күдіктілерді ұстады. Олардың 19 және 23 жастағы ағайынды жігіт екені белгілі болды. Күдіктілер мойындау көрсетпе белгілерін берді. Айғақ зат ретінде ұялы телефон тәркіленді. Күдіктілерге қатысты соттың шешімімен қамауға алу бұлтартпау шарасы қабылданды.
Полиция қызметкерлері олардың осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.