
16 ақпан күні Қарағанды облысы Шахтинск қалалық полиция бөліміне қалаға қарасты ауылдардың бірінің 64 жасар тұрғыны арызбен шағымданған. Азамат полиция қызметкерлеріне белгісіз біреу өзінің банк карточкасынан 340 мың теңге ақшасын шешіп алғанын айтқан.Анықталғандай банк карточкасы зейнеткердің өзінде болған. Ақшаның жоғалғанын зейнеткер кезекті ақша шешуге барғанда бірақ білген. Белгілі болғандай жәбірленушіге ара кідік бір азаматша үйіне келіп үйін жинап, дүкеннен азық-түлік әкеліп беріп жүрген.Алайда ерікті көмекшінің әу баста жымысқы ойы болған. Азаматша үйге келіп жүргенде еркін түрде банк карточкасын алып, ішіндегі ақшасын шешіп, кейін оны орынына әкеліп қойған.Полиция қызметкерлері осы іске қатысы бар деген күдікпен 48 жастағы күдікті азаматшаны ұстады. Ол мойындау көрсетпе белгілерін берді.Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.