
12 ақпан күні Қарағанды облысы Теміртау қалалық Полиция басқармасына қарасты Ескіқалалық полиция бөліміне белгісіз екі азамат 52 жастағы азаматшаның ішінде ақшамен әмияны бар қол сөмкесін тартып әкеткендігі туралы хабарлама түсті. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі шамамен 9 мың теңгені құраған. Ізін суытпай жүргізілген жедел іздестіру іс-шаралары барысында Теміртау қалалық Полиция басқармасының патрульдік полиция батальоны қызметкерлерімен аталған іске қатысы бар деген күдікпен 19 және 23 жас аралығындағы екі азамат ұсталды. Ұсталғандар мойындау көрсетпе белгілерін берді. Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 191 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.