
13 қаңтарда 26 жастағы қала тұрғыны Қарағанды қаласының ПБ Октябрь аудандық полиция бөліміне жүгінді. Үй иесі белгісіз біреудің пәтердегі барлық бағалы заттарды ұрлап кеткенін айтып шағымданды. Samsung теледидары, ноутбук секілді бағалы заттармен қоса жәбірленушінің жеке заттарын да алып кеткені анықталды. Келтірілген шығын мөлшері 800 мың теңгені құрайды. Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы «Ұрлық» бойынша қылмыстық іс қозғалды. 27 қаңтарда жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдікті - 25 жастағы жас жігітті ұстады. Ол кінәсін мойындап, айғақты заттар алынды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр