
Өткен жылдың 27 желтоқсанында Теміртау қаласының Шығыс полиция бөліміне металлургтер қаласының 49 жастағы тұрғыны жүгінген. Жәбірленуші әйел өз мәлімдемесінде, жақында танысқан ер адам пәтерінен оның норка пальтосы мен құны 600 мың теңгеден асатын алтын заттарды алып кеткенін және оның ұялы телефонындағы банктің қосымшасын пайдаланып, белгісіз шотқа 200 000 теңгеден астам ақша аударып алғаны туралы айтып шағымданды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы «Ұрлық» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция қызметкерлері мән-жайды нақтылау кезінде жәбірленуші әйелдің бұл адаммен танысу сайтында танысқанын анықтады. Әйелдің жүрегіне жол табуды шебер меңгерген күдікті оның сеніміне кірген. Сонымен, ағымдағы жылдың 20 қаңтарында Теміртау қаласының полицейлері 48 жастағы ер адамды ұстады. Күдікті кінәсін мойындап, айғақты заттар иесіне қайтарылды.