
14 қаңтарда 23 жасар қала тұрғыны Қарағанды қаласының ПБ Оңтүстік-Шығыс полиция бөліміне жүгініп, белгісіз біреу 80 мың теңгені алдап алып кеткені туралы айтып шағымданды. Жедел-іздестіру іс-шараларының барысында полиция қызметкерлері күдікті - 34 жастағы ер адамды ұстады. Ол кінәсін мойындады. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша қылмыстық іс қозғалып, қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.