Қарағандыда көршісінің зергерлік бұйымдарын ұрлаған адам ұсталды.

Қарағандыда көршісінің зергерлік бұйымдарын ұрлаған адам ұсталды.

13 қаңтарда 61 жастағы қала тұрғыны Қарағанды ​​қаласының ПБ Октябрь аудандық полиция бөліміне жүгінді. Жәбірленуші әйел адам өзінің пәтеріне белгісіз біреу кіріп, зергерлік бұйымдарды ұрлап кеткенін айтып шағымданды. Шығын мөлшері 300 мың теңгені құрайды.Жедел іздестіру кезінде  полиция қызметкерлері ұрлық жасаған адамды ұстады. Бұл көрші пәтерде тұратын 27 жастағы ер адам болып шықты. Ол кінәсін мойындады. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 188-бабы «Ұрлық» бойынша қылмыстық іс қозғалып, қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.