Қарағанды облысында киік аулаған браконьерлер ұсталды

Қарағанды облысында киік аулаған браконьерлер ұсталды

 12 қаңтарда сағат 16.40 шамасында Қарағанды ​​облысының  Жаңаарқа ауданына қарасты  ауылдардың бірінің жанында, Жезқазған қаласының ПБ-ның табиғат қорғау полицейлері және «Охотзоопром» ЖШС қызметкерлері қатты жылдамдықта кетіп бара жатқан снегоходтың жүрісіне назар аударған.  Полиция қызметкерлерін көріп қаша жөнелген снегоход жүргізушісін қуған кезде, ол атып алынған екі ақбөкен мен аңшы мылтығын лақтырып жібермек болғанымен, көп ұзамай  ұсталды. Көлікті 38 жастағы жергілікті тұрғын басқарған болып шықты. Тексеру кезінде одан пакет алынып, онда 16 киік мүйізі табылды. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 337-бабы «Заңсыз аң аулау» бойынша қылмыстық іс қозғалып, қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сол күні жедел іс-шаралар жүргізу барысында Жезқазған қаласының ПБ қызметкерлері 38 жастағы ер адамды браконьерлік жасады деген күдікпен ұстады. Оның үйін тексеру кезінде ақбөкенің сойылған еті мен тіркелмеген аңшы мылтығы алынды.

     Қазақстан Республикасының  Қылмыстық Кодексінің 339-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.