
Өткен жылдың желтоқсан айының соңында Қарағанды қаласының ПБ Михайлов полиция бөліміне 33 және 46 жастағы әйелдерден өтініштер келіп түсті. Белгісіз біреу үйлердің кіре берісінен екі әйелден де велосипед ұрлап кеткен болып шықты. Бірі 120 мың теңге, екіншісі 150 мың теңгені көлемінде шығын құрайтын фактілер негізінде Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 188-бабы «Ұрлық» бойынша қылмыстық іс қозғалды.8 қаңтарда жедел-іздестіру іс-шараларының барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдікті - 23 жастағы жас жігітті ұстады. Ол кінәсін мойындап, айғақты заттар алынды. Полиция күдіктінің осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығын анықтауда.