
25 желтоқсанда 48 жастағы қала тұрғыны Қарағанды облысы, Теміртау қаласының ПБ Шығыс полиция бөліміне хабарласып, пәтерден белгісіз біреу ашық түрде теледидарды ұрлап кеткені туралы айтып шағымданды. Келтірілген шығын мөлшері 180 мың теңгені құрайды. Жедел-іздестіру іс-шараларының барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдікті - 48 жастағы қала тұрғынын ұстады. Ол кінәсін мойындап, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 191-бабы «Тонау» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.