
Қарағанды облысының полиция департаменті мен «Болашақ» Қарағанды академиясы ынтымақтастық және өзара іс-қимыл туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды Polisia.kz. Құжатқа облыстың ПД бастығының бірінші орынбасары Құрманғали Ысмағұлов пен академия ректоры Құралбай Меңлібаев қол қойды.
- Біз ынтымақтастықты теңдік, ізгі ниет, құрмет пен сенім негізінде жүзеге асыруға ниеттіміз. Бұл, атап айтқанда, ғылыми-практикалық конференциялар, форумдар, отбасылық-тұрмыстық қатынастар семинарларын ұйымдастыру және бірлесіп қатысу. Сонымен қатар, мамандандырылған бағыттар бойынша ПД аймағының қызметкерлерімен кеңесу. Сондай-ақ, тұрмыстық зорлық-зомбылық пен кәмелетке толмағандарға қатысты құқық бұзушылықтың алдын-алу шеңберінде әлеуметтік бағдарламалар мен іс-шараларды әзірлеуге және іске асыруға қатысу, дейді К.Меңлібаев.
- Бұл меморандум Қарағанды облысында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету аясында жасалды. Оның пәні - серіктестік қатынастар орнату және кафедра мен «Болашақ» академиясы арасындағы ұзақ мерзімді және тиімді ынтымақтастықты дамыту. Сонымен, оның шеңберінде анкета мен сауалнама, соның ішінде онлайн форматта, біз облыс тұрғындарының отбасылық-тұрмыстық қатынастар тұрғысынан пікірлерін зерттеуге көмектесуге келістік. Мәселен, бағыттардың бірі - отбасылық-тұрмыстық қатынас құрбандарын оңалтудың инновациялық әдістерін жасау, - деді Қ.Ысмағұлов.